2009 жылғы қаңтарда өнеркәсіп кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі (-3)% құрады. Өткен аймен салыстырғанда ол 1 пайыздық тармаққа өскен.
Кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарында кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен аймен салыстырғанда 15 пайыздық тармаққа өсіп (+9)% құрады, ал өндеу өнеркәсібі кәсіпорындарында өзгермей (-7%) құрады. Зерттелген электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу кәсіпорындарында іскерлік белсенділіктің төмендеуі байқалды, кәсіпкерліктің сенімділік индексі 2008 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 25 пайыздық тармаққа азайып, (-7)% құрады.
Басшылар көпшілігінің бағалауы бойынша жақын арадағы 2-3 айда іскерлік белсенділіктің бұдан әрі төмендеуі күтіледі. Кәсіпкерліктің сенімділік индексі ағымдағы жылғы қаңтармен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа азайып, (-5)% құрайды.
Сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі ағымдағы жылғы қаңтарда (+9)% құрады. 2008 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ол 1 пайыздық тармаққа төмендеген.
2009 жылғы қаңтарда көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарындағы кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен аймен салыстырғанда 3 және 1 пайыздық тармаққа өсіп, тиісінше (+10)% және (+7)% құрады. Сауда делдалдығы саласында аталған индекс (+14)%-ға тең болды, бұл 2008 жылғы желтоқсанда алынған көрсеткіштен 20 пайыздық тармаққа жоғары.
Басшылар көпшілігінің бағалауы бойынша жақын арадағы 2-3 айда зерттелген сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінінің төмендеуі күтіледі. Кәсіпкерліктің сенімділік индексі ағымдағы жылғы қаңтармен салыстырғанда 5 пайыздық тармаққа азайып, (+4)% құрайды.
Төрағаның орынбасары
Б.Меңдыбаев