Сайттың құрылу мақсаты - Қазақстанда 25 ақпан 6 наурыз аралығында өтетін Ұлттық халық санағы - 2009 дайындық және жүргізу жұмыстары жайлы іске асырылатын және толық ақпаратты беру.Сайт санақ тетігін, міндеттерін және жүргізу ерекшеліктерін түсіндіруге арналған.Оның негізгі мазмұны Агенттіктің санақ жұмыстарын дайындау және жүргізуге қатысты іс – шараларды хабарлау негізінде,сондай – ақ өзге министрліктер және ведомстволар ақпараттар негізінде қалыптасады.
Бүгінгі күнде сайт алты құрылымдық блокты қосады:
«Материалдар» бөліміне алдағы санаққа қатысты аналитикалық сұрақтарды,ресми жариялаулар каталогын, методологиялық құжаттардың барлық тізімі кіреді.Осы жерде Қазақстан жерінде бұрын жүргізілген санақтар жайлы толық нұсқасын баяндайтын тарихи анықтамамен танысуға болады.
«Ақпарат» бөлімінде еркін мүмкіндікте аймақтарда және жалпы республика бойынша санақ жүргізу барысына қатысты барлық мәліметтер бар.
«Жаңалықтар» блогы Интернет - қолданушыларды өткізілген іс-шаралар жөнінде ақпараттандыру үшін арналған,сондай-ақ алдағы оқиғамен алдын ала құлақтандыру мақсатына арналған.
Агенттікпен өткізілген конкурстар, тендерлер және мемлекеттік тапсырыстар жайлы пайдалы ақпараттар «Конкурстар» бөлімін қамтиды.
Веб – парақта республикалық және аймақтық БАҚ санақ тақырыптамасы бойынша материалдар іріктеліп, «Медиа» бөлімі күнделікті толықтырылады.
Сайт санақ сауалдарына арнаулы, танымал дүниежүзілік түпнұсқаға сілтемені қамтиды.Санақ-2009 арналған дербес веб-порталды жасау қажеттілігі жалпыға танымал дүниежүзілік тәжірибемен қамтамасыз етілген.Сол немесе басқа уақытта өз халқында санақ жүргізуші әлемнің жетекші елдері,осы іс-шараны ақпараттық қолдауды мамандандырылған сайттардың жәрдемімен қамтамасыз еткен. Интернет – қорлардың ең қолайлы болып Австралия және Ирландия тәжірибелері танылған. Қазақстандық веб – портал әзірлеушілері дәл солардың құрылымына және жұмыс тетігіне сүйенген.
Сайттың құрамдас бөлігі жұмыс істеудегі «кері байланыстың» бар болуы.Сайттың «Сұрақ-жауап» арнайы бөлімінде әр қалаушы тәуліктің кез келген уақытында кез келген қызықтырған санаққа қатысты сұрақтарды қоя алады.Агенттік мамандары оларға шапшаң әрі барынша толық жауап береді. Сондай – ақ,өз сұрақтарын қазақстандықтар Агенттіктің www.stat.kz сайтына жолдай алады.
Санақ-2009 аяқталу барысында сайтта алдымен алдын ала, ал содан соң соңғы қорытындысы пайда болады.Қорытынды жиналысымен веб-портал өз жұмысын тоқтатпай Интернет – аудиторияны санақ мәселесіне қатысты сауалдар жөнінде ақпараттандыруды жалғастырады.